Басқа

Адиля Тілекенова Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

news-banner7
mobile-news-top

Көркем гимнастикадан Паттаяда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Адиля Тілекенова қола жүлдегер атанды.

Тілекенова көпсайыс қорытындысы бойынша 70,550 ұпай жинап, жалпы есепте үшінші орын иеленді. Көпсайыста алтын жүлдені 75,550 ұпай жинаған өзбекстандық Сабина Ташкенбаева иеленді. Екінші орында 72,500 ұпаймен қытайлық Ятин Жао орналасқан.

«Өзімнің бапкеріме алғысым шексіз. Сондай-ақ, қиын кезде қолдау көрсеткен командаластарыма алғысым шексіз. Биылғы маусымда жарыстар тізбегі көп, енді әрі қарай дайындалатын боламыз», - дейді Тілекенова.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер