Қысқы

Денис Тенге арналған мемориал 22 маусымда ашылады

news-banner7
mobile-news-top

Мезгілсіз мерт болған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арналған мемориалдың ашылу рәсімі 22 маусым күні өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Тенге арналған мемориалдың ашылу рәсімі Алматы қаласында 22 маусым күні сағат 11:00-де өтеді.

Ескерткіш спортшы пышақ жарақатын алған жер - Байсейітова мен Құрманғазы көшелерінің қиылысында орнатылады.

Бұған дейін, мемориалдың ашылу рәсімі Денисдің туған күніне орайластырылып, 13 маусым күні өтеді деп жоспарланған. Бірақ ерскертіш қойылатын жерде құрылыс жұмыстар жүріп жатуына және ( маусымда өткен Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауынан кейін Алматыда болған митингтерге байланысты кейінге қалдырылған болатын.

Еске сала кетейік, даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде қайтыс болды. Құқық қорғаушылардың анықтауынша, машинасының айнасын шешіп жатқан ұрыларға қарсы ұмтылған Тен санынан пышақ жарақатын алады. Жарақатынан көп қан жоғалтқан Денис Тен ауруханада көз жұмды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер