Дзюдо

Ерасыл Қажыбаев: Қазақтың көк туын көтеру үшін аянбай тер төгеміз

news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан аса ауыр салмақта ел намысын қорғайтын Ерасыл Қажыбаев елімізде болып жатқан өзгерістерге қатысты өз ойын айтты деп жазады Olympic.kz.

- Егеменді еліміздің ертеңі әрбір отандасымызды алаңдататыны анық. Осы тұрғыда мен еліміздің болашағы жарқын, жетістіктері үлкен болады деп сенім артамын. Себебі, қазіргі таңда Қазақстан дамудың тағы бір сатысына шықты. Eлімнің патриоты екенімді мақтан тұтамын. Тек мен емес, әрбір спортшыны нағыз патриот деп айтар едім. Себебі, спортшылар халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап, көк байрағымызды көкте желбіреу үшін барын салады.

Бүгінде Oлимпиада ойындарының алдында лицензиялық турнирлер тартысты өтуде. Дзюдошылар үшін биыл өте маңызды жыл. Осындай маңызды жылда, маңызды жарыстарға дайындық жұмыстары өте жақсы жүріп жатыр. Іріктеулерден іркілмей өтіп, арманымызға айналған Олимпиада ойындарына жолдаманы қоржынға салсақ дейміз. Бұл әрине, табандылықты, күш-жігерді, еңбекті талап етеді. Ал біз, спортшылар, мақсатқа жету жолында кері шегінбейміз. Қазақтың көк туын желбірету мақсатында аянбай тер төгеміз, - деді ол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер