«Тобылдың» экс-ойыншысы 34 жасында бас бапкер атанды

news-banner7
mobile-news-top

Қостанайлық «Тобылда» ойнаған 34 жастағы Василий Кобин Украина Бірінші лигасының дебютанты «Минай» клубының бас бапкері атанды.

«Тобылдың» экс-футболшысы мансабын «Минайда» аяқтаған болатын. Өз мансабында Кобин донецкілік «Шахтерде» 8 жыл ойнап, алты рет чемпион атанған.

Ал «Тобыл» сапында ол 2018 жылы 8 матчқа қатысқан. Кейін «Минайға» оралған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер