Зайнутдиновтің клубы өз алаңындағы матчтарына 24 миллион рубль жұмсайды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Бахтиер Зайнутдинов ойнайтын «Ростов» ФК өз алаңындағы матчтарды ұйымдастыруға қанша қаражат жұмсайтыны анықталды.

Donday.ru ақпараты бойынша, ресейлік клуб Ресей Премьер-лигасы мен Кубогын өз алаңында қабылдау үшін 24 миллион рубльға шығындалады.

Айта кетейік, өткен маусымда «Ростов» РПЛ-да 9-орын алған болатын.
Естеріңізге салсақ, Зайнутдинов өткен маусымда «Ростов» сапында 10 ойын өткізіп, 3 сары қағаз алған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер