русский язык
Футбол

Тоқтар Жанғылышбай: «Істеген ісім үшін өкінемін»

Тоқтар Жанғылышбай: «Істеген ісім үшін өкінемін»

Қарағандылық «Шахтердің» шабуылшысы Тоқтар Жанғылышбай біздің сайтқа берген сұхбатында Ел Кубогы аясында алматылық «Қайратқа» қарсы өткен кездесуде орынсыз жағдай үшін және де Любомир Михаликті балағаттағаны үшін өкінетінін айтты.

 - Алаңда не болып, не жағдай орын алғандығын айту қиын, - деп бастады Тоқтар. - Кейде эмоцияға беріліп, не істеп, не қойғаныңды білмейсің. Сары қағаз алдым, сосын артынан қызыл қағаз. Бапкерлер маған сенім артып, алаңға шығарды. Гол соғып, командамды жеңілістен құтқару керек деген алдыма мақсат қойылды. Өкінішке қарай, мен өзімді жақсы қырымнан көрсете алмадым. Оның орнына футболшылармен қақтығысып қалдым. Болған жағдай үшін өте қатты өкінемін. Матчтан соң істеген ісімді ой елегінен өткізіп, кешірім сұрау керек екендігін түсіндім. Любомир Михаликке қоңырау шалып, жасаған қылығым үшін кешірім сұрадым. Теледидар арқылы немесе стадионда бізге қолдау көрсеткен «Шахтер» жанкүйерлеріненде кешірім сұраймын. Мен нағыз футболшыға жат нәрсе істедім және де бұл менің үлкен қателігім. Бұдан сабақ алып, болашақта қайталамауға тырысамын. Бәрі қалпына келеді деген сенімдемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;