русский язык

Дүниежізілік Универсиада-2017

Дүниежізілік Универсиада-2017

Қазан айының басында Қазақстың спорт және туризм Академиясында «Олимпиадалық және баршаға арналған спорт» атты спорт ғылымының алқалы жиыны ұйымдастырылады.

Бұл туралы kazakh-tv.kz сайты мәлімдеді. Алдымен спорт өнерінің ордасы өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтеді. Одан  кейін форумға жиналғандар  2017 жылы өтетін дүниежүзілік Универсиадаға қатысты өзекті мәселелерді талқыға салады. Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасымен студенттік спорт федерациясы және өзге де ұйымдар  мектеп пен университеттік спортты дамыту концепциясын  дайындаған болатын.

Қайрат ЗАКИРЬЯНОВ, ҚАЗАҚТЫҢ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ РЕКТОРЫ:
-  Біз Үкіметтің алдына  универсиаданың мұрасы жайлы бағдарлама қабылдау туралы мәселе көтергіміз келіп отыр. Меніңше, күзде өтетін ұйымдастыру комитетінің мәжілісінде  біз бұл мәселені қарастырамыз. Өзім басты баяндамашы болмақпын. Мен бізде  спорттың ғылыми-зерттеу институты пайда болса деймін. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;