русский язык
Футбол

Сыр футболынының дамуына үлес қосқандар марапатталды

Сыр футболынының дамуына үлес қосқандар марапатталды

Халықаралық спорт күні мерекесіне орай Сыр футболының дамуына үлес қосып жүрген азаматтар әртүрлі марапаттармен марапатталды.

«Қайсар» футбол клубының бас есепшісі Қалдыбаева Жанбота Әлайдарқызы, балалар жаттықтырушысы Ольшанский Владимир Алексеевич және Қазалы ауданындағы қыздар жаттықтырушысы Сансызбаев Берік Серікұлы облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың алғыс хаттарымен марапатталса, «Қайсар» футбол клубының жүргізуші-әкімшісі Тасбергенов Тимур Сағатұлы, Жүсіпова Клара Әбдіқадырқызы және №6 Балалалар-жасөспірімдер мамандандырылған облыстық футбол мектебінің қызметкері Байменова Шара Ахатқызы Қызылорда облыстық Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Садық Мұстафаевтың алғыс хатын алды.

Сонымен қатар, «Қазақстан футболының 100 жылдығы» медальдарымен Қызылорда облысының атынан облыс әкімінің орынбасары, Қызылорда облыстық футбол федерациясының Президенті Әлібаев Нұржан Нұрмағамбетұлы, футбол ардагері, ҚОФФ Вице-президенті Көшербаев, Болат Елеуұлы, футбол ардагері, ҚОФФ Вице-президенті Сереков Асқар Әбсаттарұлы, футбол ардагері жаңақорғандық Тұрсынхан Мұсаев, балалар жаттықтырушысы Владимир Ольшанский, футбол ардагері сырдариялық Абдулпаттаев Пазылхан Оспанұлы марапатталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;