Бокс

Серік Қонақбаев: Қазақстанның дамуына үлес қосуымыз керек

news-banner7
mobile-news-top

1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері Серік Қонақбаев еліміздегі соңғы өзгерістерге қатысты пікір білдірді.

«Биылғы жыл бәріміз үшін өте маңызды. Өйткені, еліміздегі қоғамдық-саяси даму жаңа арнаға түсті. Қазақстандықтар еліміздегі тұрақтылықты таңдап, ел басшылығының саясатымен бірауыздан келісетінін көрсетті. Өзгерістердің болуы заңды, өйткені, күн сайын әлемде түрлі өзгерістер орын алуда. Бұл біздің алдымызға жаңа мақсаттар қойып, біздің еліміздің дамуына серпін береді. Спортшы жеңіске жету жолында не істейді? Күнделікті тынымсыз еңбек пен жаттығудың арқасында ғана биік белестер ғана бағынады. Сондықтан, әрбіріміз өз саламызда жеңіске жетіп, біздің ортақ командамыз – Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосуымыз керек», - деді Қонақбаев.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер