«Шахтер» косоволық легионерімен келісімшартты ұзартты

«Шахтер» косоволық легионерімен келісімшартты ұзартты
news-banner7
mobile-news-top

Косоволық жартылай қорғаушы Доньет Шкодра қарағандылық «Шахтермен» келісімшартын ұзартты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Футболшы мен клуб арасындағы жаңа еңбек келісімі 2020 жылдың соңына дейін жасалған.

Осы маусымда Шкодра қарағандылық команда сапында 10 матч өткізіп, 2 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер