ММА

UFC президенті: Маған Том Круздың Джастин Бибермен төбелесуге дайын екенін айтты

news-banner7
mobile-news-top

Канадалық поп-R&B әнші Джастин Бибер Голливуд жұлдызы Том Крузды ММА ережесі бойынша жекпе-жек өткізуге шақырып, UFC президенті Дэйна Уайтты да өз жазбасына белгілен болатын, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Уайт ерекше жекпе-жекке қатысты хабарласып жатқандар бар екенін айтты.

«Маған біреу қоңырау шалды, есімдерін атамай-ақ қояйын. Бірақ олар өз сөздеріне жауап беретін жігіттер. Олар маған осы жекпе-жекті ұйымдастыруға көмектескілері келетінін, Том Круз жұдырықтасатынын айтты. "Егер шын айтып тұрсаңдар, осы адамдар расымен төбелессе, келіссөз бастауға дайынбыз" дедім. Бұл жекпе-жекті ұйымдастырмасам, ақымақ болар едім. Бұл карьерамдағы ең оңай промоушен болады», - деді UFC президенті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер