русский язык
Футбол

Қазақстан Кубогы. «Ақтөбе» жеңілістен аман қалды

Қазақстан Кубогы. «Ақтөбе» жеңілістен аман қалды

Қазақстан Кубоыгының жартылай финалында кездескен ел чемпионы «Ақтөбе» мен  елордалық «Астана» арасындағы матч – 1:1 есебімен аяқталды.

Есепті алғаш болып елордалық футболшылар ашты. 26-шы минутта «Ақтөбенің» қорғаныстағы пас алмасуда жіберген өрескел қателігін пайдаланған команда капитаны Фокси Кетевоама сырт алаңда маңызды гол соғып, командасын алға шығарды. Бірден қарымта шабуылған шыққан ақтөбеліктер таразы басын теңестіретін мүмкіндігін пайдалана алған жоқ. Пиззели қақпа маңына жақындап жойқын соққы жасағанымен, доп қақпа маңынан сырғып өтті. 

Екінші тайм басталысымен алаң иелері есепті теңестіруге ұмтылды. 63-ші минутта алаңға жаңадан кірген Антоновтың пасынан Пиззели таразы басын теңестіріп кетті. Қақпадан кері қайтқан допқа бірінші болып жеткен Антонов, армениялық шабуылшыға пас асырды. Ал Пиззели бос қақпаға допты бағыттап, Ненад Эричті орға отырғызып кетті. Бұдан кейін таблодағы есеп мәні өзгерген жоқ. Ендігі финал жолдамасына тайталас Астана қаласында өрбиді. Ел чемпионы елордаға қонаққа барып, финалға өтуге талпынып көрмек.

 

Қазақстан Кубогы. Жартылай финал. Алғашқы кездесу

«Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Астана» (Астана) 1:1 (0:1)

Голдар: 0:1 – Кетевоама (26), 1:1 – Пиззелли (63)

Төреші: Айдын Рахымбаев

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;