Велоспорт

«Астана» шабандозына ота сәтті жасалды

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» велокомандасының шабандозы Андрей Зейц «Швейцария турының» төртінші кезеңінде жарақат алып қалған еді.

Отандық команданың намысын қорғайтын спортшы жарыс кезінде құлап сол жақ бұғанасын және бесінші қабырғасын сындырып алған болатын.

Шабандозға Швейцариядағы Дорн қаласындағы емханалардың бірінде ота жасалды. Ота сәтті шығып, спортшының қазіргі жағдайы жақсы. Зейц бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер