Әлем футболы

Испания ұлттық құрамасында бас бапкер ауысты

news-banner7
mobile-news-top

Роберто Морено бүгінгі таңға дейін бас бапкерлік қызмет атқармаған.

Жеке өміріндегі себептерге байланысты Луис Энрике Испания ұлттық құрамасындағы қызметін тоқтатқан еді.

Морено бұрынғы бас бапкер Энрике жоқ кезде екі матч команда тізгінін уақытша ұстаған еді. Бұл маманның баптауымен Испания 2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында өткен Мальта, Фарер аралдары және Швеция құрамаларына қарсы алаңға шыққан еді.

Морено үшін бұл бас бапкер ретіндегі алғашқы ресми қызмет. Осыған дейін «Рома», «Сельта» және «Барселона» клубтарында Луис Энрикенің көмекшісі қызметін атқарған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер