Газзаев: Нұрғалиев пен Тұрысбектың жоқтығы қатты әсер етті

news-banner7
mobile-news-top

«Тобыл» футбол клубының бас бапкері «Қайсармен»(1:3) болған кубоктық матчтан кейін өз эмоциясымен бөлісті.

- «Қайсарды» финалға шығуымен құттықтаймын. Бірінші таймда басымдық қарсыласта болды, біз тек қарымта шабуылда ойнадық. Негізі біз бәрін дұрыс жасадық. Дәл осы матчқа келетін болсақ, соншалықты көп мүмкіндікті аяқсыз қалдыру, әрине, жеңіліске әкеп соқтырады.

Ойынымыз жүрді, алайда сәттілік «Қайсардың» жағында болды. Финалға жолдама ала алмағанымызға қатты өкінеміз. Дегенмен, бұл футбол. Шабуыл шебіндегі Бауыржан Тұрысбек пен Азат Нұрғалиевтың жоқтығы да кері әсерін тигізді.

Сондай ақ, бізді қызу қолдаған жас жанкүйерлерге де алғыс айтамын - деді «Тобылдың» бас бапкері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер