Румындардың қорқынышы. ЧФР Томастовтан қауіптенеді

news-banner7
mobile-news-top

Бұрын «Астана» сапында өнер көрсеткен Аздрен Лулаку румыниялық ЧФР-дың болашақ қарсыласы жайлы мағлұматтармен жергілікті ProSport порталымен бөлісті.

- «Астананың» ең қауіпті футболшысы - Марин Томасов. Ұлттық құрамасында 9 матч өткізген, осы маусымда 7 гол соқты. Жарақатынан айыққан Дорин Ротариудан да сақтану қажет. 15 матчта 5 доп тоғытқан Ротариу негізгі құрамдағы маңызды футболшы. Томасов шабуыл өтінде ойнайды. Олардың джокеры. Бұрыштама көтереді, айып соққысын орындайды, пасты жақсы береді, бірге-бірге таласта да аянып қалмайды. Осы футболшыдан қауіптену керек. Гол соқса командасы көбіне жеңіске жетеді - деді Лулаку.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер