19 маусым 20:02

Ел Кубогы. «Қайсар» соңғы минутта финалға жолдаманы жұлып алды

Ел Кубогы. «Қайсар» соңғы минутта финалға жолдаманы жұлып алды

Қазақстан Кубогының жартылай финалында «Қайсар» өз алаңында «Тобылды» жеңді.

Жартылай финалдың алғашқы матчында «Тобыл» 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы есепті алғашқы таймда алаң қожайындары сапынан Барсегян ашты. «Қайсардың» армениялық шабуылшысы 16-шы минутта айып соққысын тамаша орындады. Ал екінші таймда Мбомбо есепті еселей түсті. Сол қапталдағы әріптесінен пас алған конголық футболшы допты қақпаға тура бағыттады. Бұған ойын аяқталар тұста қонақтар сапынан Артурас Жулпа жауап қатты. Ол 89-шы минутта «Қайсардың» қорғанысындағы қателікті сәтті пайдаланып кетті. Төреші қосымша 6 минут қосып, оның соңы алаң иелері үшін сәтті өтті. Соңғы минутта «Тобылдың» қорғаушысы өзінің айып алаңында қолмен ойнап, қостанайлық команданың қақпасына 11 метрлік айып добы белгіленді. Нүктеге келген Барсегян мүлт кетпеді.

Осылайша, жартылай финалдың қарымта матч «Қайсардың» пайдасына шешіліп, финалға жолдама алды.

ҚР Кубогы. Жартылай финал. Қарымта матч

«Қайсар» – «Тобыл» 3:1 (1:0)

Голдар: 16', 90+6Барсегян, 66' Мбомбо - 89' Жулпа

«Тобыл»: Балаев (Қ), Канкава, Кассай, Жулпа, Дмитренко, Жарынбетов, Валиуллин, Квеквескири, Гордейчук, Себаи, Федин.

Қосалқы құрам: Пасеченко (Қ), Бусурманов (Қ), Әбілғазы, Бочаров, Шерстов, А. Нұрғалиев, А. Жуков, Тұрысбек, Семченков.

«Қайсар»: Исламқұлов (Қ), Ламанж, Марочкин, Граф, Әмірсейітов, Гурман, Тағыберген, Нәрзілдаев, Джошуа, Барсегян, Мбомбо

Түпнұсқасы:Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.

Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.