ММА

Қазақстандық спортшы қыз UFC турниріне қатысады

Қазақстандық спортшы қыз UFC турниріне қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық спортшы Мария Агапова (6-0) UFC ұйымының басшысы Дэйна Уайттың шоуына шақырту алды.

30 шілде күні Лас-Вегас қаласында Dana White’s Tuesday Night Contender Series жарысы өтеді. Кештің екінші басты жекпе-жегінде Мария Агапова Аризона штатының чемпионы Трэйси Кортеспен жұдырықтасады. Жекпе-жектің жеңімпазы UFC-мен келісімшартқа отырады.

Айта кетейік, Мария Агапова 6 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оған қоса Қытайдағы Heroines турнирі мен әуесқойлар арасында ММА-ден әлем чемпионатында топ жарған.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер