Бокс

Жанқош Тұраров WBO чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді

Жанқош Тұраров  WBO чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (23-0, 16 KO) 6 шілде күні өтетін бокс кешінде WBO Inter-Continental чемпиондық белдігі үшін жекпе-жекке шығады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы бокс кешінде 11 жекпе-жек өтеді. Оның төртеуі титулдық дәрежеде болса, 1-і WBC әлемдік белдігі үшін өтеді.

«Басты жекпе-жекте отандық боксшы Жанқош Тұраров бірінші орта салмақтағы WBO Inter-Continental чемпиондық белдігі үшін айқасады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Жанқош Тұраров 6 шілде күні елордадағы «Барыс-Аренадағы» бокс кешінде өнер көрсететіні бұған дейін хабарланған болатын. Көп өтпей Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы оның қарсыласының есімін атаған. Аталмыш кеште Жаңқош аргентиналық Мауро Годомен (31-4-1, 16КО) қолғап түйістіреді.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер