Әлем футболы

«Үйіме қайтқым келеді». Неймар ПСЖ басшылығынан «Барселонаға» жіберуін өтінді

«Үйіме қайтқым келеді». Неймар ПСЖ басшылығынан «Барселонаға» жіберуін өтінді
news-banner7
mobile-news-top

«Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Неймар осы жазда «Барселонаға» оралуы мүмкін.

Каталондық клубқа оралғысы келетіні жөнінде бразилиялық футболшы ПСЖ-ның президенті Нассер Әл-Хелайфиге айтқан: - Мен бұдан былай ПСЖ-да ойнағым келмейді. Үйіме қайтқым келеді, кезінде үйімнен кетпеуім қажет еді, - деп келтіреді Неймардың сөзін беделді El Mundo Deportivo басылымы.

Бұған дейін L'Equipe ақпараты бойынша, франциялық клуб футболшыға жақсы ұсыныс түссе, осы жазғы трансферде сатуға дайын екенін мәлімдеген болатын. ПСЖ басшылығы Неймарды кем дегенде 222 млн еуроға сатпақ. Клуб ойыншыны «Барселонадан» осындай бағаға сатып алған болатын.

Бұдан бөлек Неймардың әкесі әрі оның агенті «Барселонамен» келіссөздер жүргізіп жатыр. Каталониялық клуб ПСЖ-ға 100 млн еуро және Усман Дембеле, Иван Ракитич пен Самуэль Умтитиді қосып беруді ұсынды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер