Артурас Жулпа: Біз тыңғылықты дайындаламыз

Артурас Жулпа: Біз тыңғылықты дайындаламыз
news-banner7
mobile-news-top

Қостанайлық «Тобыл» клубының жартылай қорғаушысы Артурас Жулпа Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жеребе қорытындысы туралы пікір білдірді:

- Жеребе тастауды оң бағалауға болады, бірақ қай команданың мүмкіндігі зор екені айта алмаймыз. Ойын алдында екі команданың да мүмкіндігі тең. Бұл турнирде әлсіз команда болмайды. Бізде 11 шілдеге дейін уақыт бар, сондықтан қарсыласымызды талдап, тыңғылықты дайындалатын боламыз.

- Осы көктемде Литва құрамында Люксембург құрамасына қарсы ойнадың. Олардың ойыны туралы не айта аласың?
- Люксембургтегі футболдың дамып келе жатқанын айта аламын. Люксембургта жекелей алғанда мықты ойыншылар бар екенін атап өтуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Тобыл» Люксембургтің «Женесс» футбол клубымен кездеседі. Бірінші матч 11 шілде күні сырт алаңда өтеді, жауап ойыны 18 шілде күні Нұр-Сұлтанда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер