19 маусым 12:56

Данияр Қайсанов: Менің салмағымда әлемнің ең үздік балуандары жиналған

Еркін күрестен Азия чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері Данияр Қайсанов ұлттық құрама сапында Алматы облысындағы оқу-жаттығу жиынына қатысуда. Команда үздіктерінің біріне баланатын Қайсанов өз жеріміздегі әлем чемпионаты қарсаңында басты мақсаттарды атады. 

 - Бұл күндері еркін күрестен команда сапында екі апталық оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Құрама мүшелері толығымен жиналдық. Ал осы айдың соңында Ресейдің Кисловодск қаласында Белоруссия командасымен бірлескен оқу-жаттығу жиыны жоспарланған. Сол жерде жалпы дайындықты пысықтайтын боламыз. 

Өз жеріміздегі әлем чемпионатына келер болсам, жеке өзімде айтарлықтай қобалжу жоқ. Үлкен спортта жүрген соң, қайда күрессек те біздегі мақсат жалғыз. Нұр-Сұлтандағы додада кем дегенде лицензияға қол жеткізу керек. Ал финалда күресіп, алтын медаль тағынуды барлық балуан армандайды. Оның ішінде мен де бармын. 

Менің салмағымда бәсекелестік жоғары. Өз елімізде Болат Сақаев, Нұрлан Бекжанов сынды талантты балуандар бар. Бекжанов әлем чемпионатының жүлдегері, Конфедерация кубогінің финалында оған есе жібергенмін. Бірақ Бекжанов 70 келі салмаққа ауысты деп естідім. 

Әлемде мен белдесетін 74 келі салмақ нөмірі бірінші саналады. Себебі, кіл мықтылар тап осы салмаққа жиналған. Әлемнің төрт дүркін чемпионы, Олимпиада чемпионы Джордан Барроуз, әлемнің әрі Еуропаның екі дүркін жеңімпазы Франк Чамисо, Азия ойындарында екі мәрте топ жарған Бекзод Абдурахмоновтардың атағынан ат үркеді. Десе де, мен де бар күшімді салатыным сөзсіз. 

Қазір ұлттық құрамадағы жігіттердің көңіл-күйі тамаша. Бапкерлермен өзара түсінісіп, жаттығу жүргізудеміз. Жақында Минскіде бірлескен жиын өтті. Бірақ тобығымды жарақаттап алғаныма байланысты ертерек қайтуыма тура келді. Қазір жарақаттан айықтым, дайындық жалғасуд», - дейді Данияр. 

Түпнұсқасы:olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.

Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.