Басқа

Монғолияда спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты басталды

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты басталды.

Құрлықтық турнир Қазақстан командасы үшін биыл өтетін лицензиялық әлем чемпионатына дайындық кезеңдерінің бірі саналады. Моңғолия астанасында біздің бес спортшымыз сынға түседі.

Азия чемпионатында Қазақстан атынан Милад Карими, Нариман Курбанов, Аким Мусаев, Данил Батурин және Ербол Жантықов бақ сынайды. Сары құрлық додасына қатысатын спортшылар қатарында Ілияс Азизов те болған. Алайда, ол жарақатына байланысты турнирден сырт қалып, оның орнын Батурин басты.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер