Бокс

Қазақстандық ең жас кәсіпқой боксшы Алматыда жекпе-жек өткізеді

news-banner7
mobile-news-top

17 жастағы қазақстандық боксшы Дастан Сәдуұлының келесі жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды.

Еуропа мен Азиядағы ең жас боксшы 5 шілде күні Алматыдағы бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Қазіргі таңда Дастанның қарсыласы белгісіз.

Сәдуұлы осыған дейін кәсіпқой бокста үш кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңіске жеткен еді. Жерлесіміздің мүддесін Tukeshov Boxing Promotions промоутерлік компаниясы қорғайды.

Соңғы жекпе-жегінде Дастан Ақтөбеде ресейлік Дмитрий Рахмановты бірінші раундта нокаутқа жіберген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер