Әлем футболы

Америка кубогы. VAR Бразилиядан үш ұпай тартып алды

news-banner7
mobile-news-top

Бразилия-Венесуэла матчында бас қазы VAR-дың көмегімен екі допты есепке алған жоқ.

Америка кубогының топтық кезеңі аясында өткен кездесуде Бразилия мен Венесуэла тең тарқасты. Алайда, бас қазы Бразилияның екі добын есепке алмады. 60-шы минутта Габриэль Жезустың соққан голын, 88-ші минутта Филипе Коутиньоның нәтижелі соққысын төреші VAR-дың көмегімен оффсайда деп есептеді.

Төрт ұпаймен Бразилия өз тобында бірінші орында тұр. Екі матчтан кейін екі ұпай жинаған Венесуэла үшінші орында.

Америка кубогы-2019. А тобы. 2-й тур

Бразилия – Венесуэла 0:0 (0:0)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер