Әлем футболы

УЕФА-ның бұрынғы президенті босатылды

УЕФА-ның бұрынғы президенті босатылды
news-banner7
mobile-news-top

Француз 2022 жылғы Әлем чемпионатын өткізетін елді анықтау үшін өткен сайлау жайлы полицияға түсініктеме бергеннен кейін босатылды.

CNN телеарнасының мәліметінше Платининге айып тағылмаған және қамауға алуға ешқандай негіз жоқ. Бөлімшеге құқық қорғау органдарының бірнеше сұрақтарына жауап беру үшін жеткізілген екен.

Платини УЕФА-ны 2007-2015 жылдар аралығында басқарған еді. Лауазымын ФИФА оны сегіз жылға футболдан шеттеткен соң тапсырған болатын.

Еске сала кетейік, Катар мемлекеті футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионатын өткізу үшін күресте 2010 жылы АҚШ, Аустралия, Оңтүстік Корея мен Жапонияны артта қалдырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер