Теннис

Путинцева Англияда әлемнің бірінші ракеткасымен кездеседі

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева Бирмингем WTA турнирінің екінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда рейтингте 157-сатыдағы ұлыбританиялық, 22 жасар Хэрриет Дартпен кездесті.

Бірінші партияда Ю.Путинцева айқын басымдылық көрсетті - 6:1. Есесіне екінші сетті ұлыбританиялық спортшы брейкпен бастады - 2:0. Дегенмен екі мәрте қайыра брейк жасаған Юлия таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзі алға шықты - 4:2. Ақыры осы басымдылығынан айырыла қойған жоқ - 6:4.

Бәсеке 1 сағат 21 минутқа созылды.

Ю.Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, жапониялық Наоми Осакамен таласады. Ол тартысты матчта рейтингте 33-сатыдағы грекиялық Мария Саккариді 6:1, 4:6, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан асатын Бирмингем турнирі 23 маусымда мәреге жетіп, жеңімпаз анықталады.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Михаил Кукушкин Лондон ATP турнирінің (жүлде қоры - 2 млн астам еуро) бірінші айналымында рейтингте 65-орындағы франциялық Жереми Шардимен шеберлік байқасады.

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер