Роман Григорчук: «ЧФР Клужды» жеңу үшін толыққанды құрам қажет

Роман Григорчук: «ЧФР Клужды» жеңу үшін толыққанды құрам қажет
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Румынияның ең мықты командаларының бірі «ЧФР Клужға» қарсы ойнайды.

Жеребе қорытындысы туралы елорда командасының бас бапкері Роман Григорчук клубтың баспасөз қызметіне өз пікірімен бөлісті.

- Мен жеребе тарту рәсіміне әрдайым сабырмен қараймын. Себебі, оның нәтижесіне әсер ету мүмкін емес. Соңғы уақытта менің командаларыма ықтимал қарсыластардың ең мықтылары тап келуде. Осы жылы да сол үрдіс жалғасын тапты. «ЧФР Клуж» - мықты команда және бізді оларға қарсы өте қиын ойындар күтіп тұр. Бұл әрине бір жағынан қызық. Бізге мұндай деңгейдегі қарсыласты жеңу үшін жақсы дайындық және толыққанды құрам қажет. Дегенмен, румындарға қарсы кездесуге дейін біз чемпионат аясында маңызды үш ойын өткіземіз. Дәл қазір бар күшті сол ойындарға салуымыз керек.

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер