Бокс

Санчес: Головкин рингте менің үйреткендерімді істеп жатыр

Санчес: Головкин рингте менің үйреткендерімді істеп жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчестің пікірінше, боксшы бұдан кейінгі айқастарында да мексикалық бапкердің үйреткенінен асып түсе алмайды.

«Головкин рингте менің үйреткендерімді істей береді. Бұл Геннадий Головкин. Бұл жігіт біздің залдан шыққан өнім. Бәлкім, Бэнкс екеуіне уақыт қажет шығар. Бірақ бір-екі жекпе-жек емес, бұл процеске бірнеше жыл қажет. Бапкер өз стилін сіңдіруі үшін уақытқа зәру», - дейді Санчес Boxeomundial.com сайтына берген сұқбатында.

Еске салайық, биылғы сәуір айында орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық бапкері Абель Санчеспен жұмысын тоқтатқан болатын. GGG осыған қатысты мәлімдемесінде сыпайылық сақтаған болса, А.Санчес БАҚ-қа сұхбатында өз ызасын жасыра алмады.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер