Пол Эшуорт: «Астана» келесі кезеңге шығуға қауқарлы

Пол Эшуорт: «Астана» келесі кезеңге шығуға қауқарлы
news-banner7
mobile-news-top

«Астананың» атқарушы директоры Пол Эшуорт Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Румынияның ең мықты командаларының бірі «ЧФР Клужға» қарсы матч туралы пікірін білдірді.

- Бізге Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде ең мықты ұжымдардың бірі қарсылас атанды. ЧФР Клуж - Румыния чемпионы, ал ол қарсыластың деңгейінің өте жоғары екендігінің дәлелі. Олар Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде ойнаған, еурокубоктарда жинаған тәжәрибесі мол ұжым. Екі команда арасындағы тартыс Қазақстан мен Румынияда жанкүйерлер тарапынан ерекше қызығушылыққа ие болады деп ойлаймын. Егер қос ұжымның мүмкіндіктері туралы айтар болсам, ол 50 де 50. Дегенмен, «Астана» өзінің нағыз деңгейін көрсетсе, келесі кезеңге шығуға қауқары жетеді, - дейді Пол Эшуорт.

Айта кетейік, бүгін жеребе бойынша «Астана» мен «ЧФР Клуж» УЕФА Чемпиондар Лигасы алғашқы іріктеу кезеңіндегі қарсылас атанған болатын. Командалардың нарықтағы құнын білгіңіз келсе МЫНА сілтемеге өтіңіз.

«Челсимен» тең түскен, «Бавариямен» кездесуде төрт гол соққан

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер