Әлем футболы

Чемпиондар лигасының форматы өзгермейді

Чемпиондар лигасының форматы өзгермейді
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа футбол қауымдастықтары Одағының атқарушы директоры Мартин Каллен еурододалардың өткізілу форматының өзгеруіне қатысты пікір білдірді.

- Қазір көп ақылдасып, бір шешімге келуге тырысып жатырмыз. УЕФА әлемдегі ең мықты турнирларды өткізеді деп толық сеніммен айта аламыз. Бұл Чемпиондар лигасына да, Еуропа лигасына да қатысты. Болашақта қандай да бір ұсыныстар түсіп жатса барлық елдермен келісе отырып бір шешім қабылдаймыз. Алайда үлкен бір өзгерістер болады деп айта алмаймын, - деді Каллен.

Айта кетейік, бұған дейін шетелдік БАҚ 2024 жылдан бастап Чемпиондар лигасында 32 команда қалып, сегіз ұжымнан төрт топқа бөлінуі мүмкін деген ақпаратты таратқан болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер