Әлем футболы

ЧФР басшысы: «Астананы» қарсылас ретінде қаламадық

news-banner7
mobile-news-top

Румыниялық ЧФР клубының басшысы Богдан Мару GSP.ro порталына берген сұқбатында Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы - «Астана» туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Бізге жеребе өте қиын түсті. Алда ауыр матчтар күтіп тұр. Алыс жол, жасанды газоны тағы бар. Бұл команданы қарсылас ретінде қаламадық. Өз басым «Лудогорец» клубымен сынға түскім келді. Ал «Астана» Еуропада ойнап жүрген өте тәжіребиелі команда. Бізге мықты дайындық керек», - деді ЧФР клубының директоры.

Швейцарияның Ньон қаласында 2019/20 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасы алғашқы іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі болып өтті.

«Астана» командасы алғашқы іріктеу кезеңінде Румынияның төрт дүркін чемпиондары «ЧФР Клуж» командасына қарсы ойнайды.

Алғашқы матчтар 9-10 шілдеде өтеді. Қарымта ойындар 16-17-сі ойналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер