русский язык
Футбол

Владимир Вайсс: «Шахтермен» кездесуге дайынбыз» (ВИДЕО)

Владимир Вайсс: «Шахтермен» кездесуге дайынбыз» (ВИДЕО)

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Владимир Вайсс «Шахтерге» қарсы алдағы жартылай финалдық матч туралы ойымен бөлісті.

«Әрине, «Шахтердің» өз ойын өрнегі бар. Қорғанысы мығым, ұйымшыл команда, физикалық тұрғыда Қазақстандағы ең мықты клуб. Оның үстіне, «стандарттарды» тамаша орындайды. Әр команданың мықты және әлсіз тұстары болады. Әлсіз жерлері туралы қазір айтпаймын. «Шахтер» – чемпиондыққа үміткерлердің бірі. Бәрінің де финалда ойнағысы келеді – біз де, «Шахтер», «Ақтөбе», «Астана» да. Кубокта сәттілік кімге жолдас болатынын көре жатармыз», - деді Вайсс.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;