Әлем футболы

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеребесі тартылады: Трансляция

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеребесі тартылады: Трансляция
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 18 маусым күні УЕФА-ның штаб-пәтерінде Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің алғашқы екі турының жеребесі тартылады, деп жазады Prosports.kz.

Чемпиондар лигасының іріктеуіне елімізден биыл да елордалық «Астана» футбол клубы қатысады. Ел чемпиондары еленгендер тізімінде болады. «Астананың» ықтимал бес қарсыласы : «Судува» (Литва), ЧФР (Румыния), «Ференцварош» (Венгрия), «Нымме Калью» (Эстония), «Арарат-Армения» (Армения).

Ал Еуропа лигасына Қазақстан атынан «Қайрат», «Тобыл» және «Ордабасы» командалары қатысады. Олар кездесуі мүмкін қарсыластар:

«Кайрат»: «Теута» (Албания), «Широки Бриег» (Босния), «ДАК 1904» (Словакия), «Кауно Жальгирис» (Литва), победитель «Ла Фиорита» (Сан-Марино) / «Энгордань» (Андорра);

«Тобол»: «Милсами» (Молдова), «Мура» (Словения), «Дебрецен» (Венгрия), «Бананц» (Армения), «Женесс» (Люксембург);

«Ордабасы»: «Флора» (Эстония), «Торпедо» (Кутаиси, Грузия), «Титоград» (Черногория), «Гзира Юнайтед» (Мальта), победитель «Сант-Хулия» (Андорра) / «Европа» (Гибралтар).

Чемпиондар лигасы жеребесінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақыты сағат 18:30-да басталады, ал Еуропа лигасы 19:30-да тартылады. Тікелей эфирде мына сілтеме арқылы көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер