русский язык
Футбол

Аксель Витцель: «Чемпионатта біздің топ жаруымыз керек»

Аксель Витцель: «Чемпионатта біздің топ жаруымыз керек»

«Зениттің» жартылай қорғаушысы Аксель Витцель командасының биылғы Ресей біріншілігінде фаворит екенін айтты, деп хабарлайды «СПорт-Экспресс».

– Алғашқы үш турдан соң «Зениттің» чемпиондыққа таласуға қауқары бар ма?

– Менің пікірімше, чемпионаттың басты фавориті – «Зенит». Жақында ғана қатарымызға Гарай секілді керемет ойыншы қосылды. Ол сөзсіз командамызды күшейтті. Ал бүгінде турнирдің бастапқы матчтарына қарап, «Локоматив» пен «Динамонының» өте мықты екенін айта аламын. «Ақ-көгілдір түстілер» маусым арасында траснферлік кампанияны тамаша өткізіп, күшейіп алды. Алайда чемпионатта біздің топ жаруымыз керек.

– Ал ЦСКА-ны есептен шығарасыз ба?

– Жоқ, әрине. Әскершілерді де фавориттер қатарына қосуға болады – олар қазіргі чемпиондар ғой», - деді Витцель.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;