Бокс

Ғалымбек Кенжебаев мачттық кездесуге қатысатын боксшылардың есімін атады

news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Маңғыстау облысының құрамасы Шешенстанның Грозный қаласында өтетін матчтық кездесуге қатысады деп хабарлайды Olympic.kz.

Матчтық кездесуге бокстан Ресейдің екінші құрамасы, Шешенстан мен Дағыстан құрамалары, сондай-ақ, Қазақстан атынан Маңғыстау облысының спортшылары қатыспақшы.

Бұл ақпаратты ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев та растады.

«Грозный қаласында өтетін кездесуге Маңғыстау облысының спортшыларын жіберіп отырмыз. Олардың қатарында ұлттық құраманың екі мүшесі бар. Жалпы, бұл өңірдің боксшылары өте талантты. Спартакиадада жақсы көзге түсті, Конфедерация кубогінде жеңімпаз атанды. Сондықтан, бұл олар үшін үлкен тәжірибе болары сөзсіз. Ресейдің бірінші құрамы Еуропа ойындарында бақ сынайды, сол себепті, матчтық кездесуге екінші нөмірлі боксшыларын қатыстырады», - деді бас бапкер.

Матчтық кездесуге қатысатын Маңғыстау облысының құрамы төмендегідей:

Дінмұхаммед Ибрагимов, Самат Жетібаев, Қуаныш Дүйсенбай, Мұхаммед әл-Махмұд, Жолдас Жеңісов, Орынбек Мананов, Сұлтан Шаршов, Саят Есібаев, Ақжол Әділхан, Нұрлан Сабиров, Бекзат Нұрдәулетов, Айболды Дәуренұлы.

Бапкерлер: Руслан Бибуев, Асхат Камалов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер