Дзюдо

Қазақстандық дзюдошы Ресейдегі турнирде топ жарды

news-banner7
mobile-news-top

Ресейдің Красноярск қаласында дзюдодан Владимир Гулидовты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.

Аталған сында қазақстандық Серік Сәлменов пен Индира Бектиева жүлдеге ілікті. Сәлменов өз салмағында бірінші орын иеленсе, Бектиева қола жүлдегер атанған.

Дзюдошылар додасына Ресейдің 15 аймағынан, сондай-ақ, Моңғолия, Қазақстан, Қытай, Өзбекстаннан 150-ге жуық спортшы қатысты.

Жарыс жеңімпаздары салмағы 30 грамнан жоғары нағыз алтынмен марапатталған.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер