Арман Әшімов қарсыласын талдырып тастады
![Арман Әшімов қарсыласын талдырып тастады](https://prosports.kz/upload/news/content/201017_145f8c9f2244b7e168f88efb444dbf73.jpg?v=28650022)
M-1 Global ұйымының қазақстандық файтері Арман Әшімов (10-3-1) Зайсанда өткен халықаралық турнирінің басты жекпе-жегіне қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Әшімов моңғолиялық қарсыласын нокаутқа жіберді.
Естеріңізге сала кетейік, Арман Әшімов ММА-дағы соңғы жекпе-жегін 30 наурыз күні Алматыдағы M-1 Challenge 101 турнирінде өткізді. Оның қарсыласы жеңілмеген бразилиялық файтер Кайк Аленкар (9-1) болды. Жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шешімімен Әшімов жеңіске жетті.