«Сан-Лоренсо» Либертодорес кубогының иегері
![«Сан-Лоренсо» Либертодорес кубогының иегері](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1408102460_219318758.jpg?v=28699596)
Жүз жылдық тарихы бар аргентиналық «Сан -Лоренсо» клубы тұңғыш рет Либертодорес кубогының иегері атанды, деп хабарлайды КТК арнасы.
Аргентиналық команда қос кездесу нәтижесі бойынша парагвайлық «Насьональдан» басым түсті. Парагвай астанасы Асунсьонда өткен алғашқы ойында қарсыластар 1:1 есебімен тең ойнады. Ал Буэнос –Айрестегі қарымта матчтың тағдырын жалғыз доп шешіп кетті. Бұл голды кездесудің 35- минутында он бір метрлік айып добын дәл орындаған Нестор Ортигоса салды. Енді аргентиналық команда клубаралық әлем чемпионатында өнер көрсететін болады.