русский язык
Футбол

«Қайсар» керекулік «Ертістен» басым түсті

«Қайсар» керекулік «Ертістен»  басым түсті

Қазақстан Премьер-лигасының екінші кезеңіне дайындық аясында Алматы қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қызылорданың «Қайсары» керекулік «Ертісіпен» жолдастық-бақылау кездесуін өткізді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

«Қайсар» (Қызылорда) – «Ертіс» (Павлодар) – 1:0.
Гол: Алтынбеков, 79-пен.

Екі таймға екі түрлі құрамын шығарған Дмитрий Огай бұл күні қарамағындағы екі ойыншыдан басқасының барлығына алаңға шығуға мүмкіндік берді. Алайда, ұлттық құраманың жиынынан аздап сырқаттанып қайтқан Рақымжан Розыбакиев пен дәл осы күні сәл ауырыңқырап қалған Матик Марушко кездесуге қатыса алмады.

Aл «Феличита» стадионында өткен ойын бірден қызылордалықтардың қарқынды шабуылдарымен басталып, ә дегеннен-ақ жерлестеріміз керекуліктерді қауіпті шабуылдарымен мазалаумен болды. Дегенмен, 79-минутқа дейін есеп өзгерген жоқ. Тек кездесудің аяқталуына шамамен 10 минуттан сәл ғана астам уақыт қалғанда керекуліктердің тқорғаушысы Антон Землянухинге қарсы ойын ережесін бұзып, бас төреші бірден 11 метрлік айып добын көрсетті. Нүктеге жақындаған Елжас Алтынбеков пенальтиді өте сенімді орындап, доппен қақпашыны екі бұрышқа жіберді. Қорытынды есеп – 1:0.

Енді аталмыш жиын аясында тағы бір жолдастық кездесу өткізу жоспарланған. Егер аяқ асты жағдай өзгеріп кетпесе, онда 17 тамыз күні Дмитрий Огай командасы «Атыраумен» кездесуі тиіс. Ал одан кейін «Қайсар» Қазақстан Премьер-лигасындағы 23-турын өткізу үшін Қарағандының «Шахтеріне» қонаққа барады.

Ақпарат клубтың ресми сайтынан алынды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;