«Ақтөбе» мен «Легия» матчында ресейліктер қазылық етеді
![«Ақтөбе» мен «Легия» матчында ресейліктер қазылық етеді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1408086898_517658445.jpg?v=28699829)
Еуропа лигасының плэй-офф кезеңіндегі «Ақтөбе» мен «Легия» кездесуінде қызмет ететін төрешілер бригадасы анықталды.
Матчтың бас төрешісі боп ресейлік Алексей Еськов тағайындалды. Оған Дмитрий Мосякин мен Валерий Данченко көмектеседі. Төртінші қазы – Михаил Вилков.
Ойынның инспекторы валлиялық Роджер Гиффорд болмақ. Ал матчтың делегаты – Сергей Ильич.
Естеріңізге сала кетсек, «Ақтөбе» мен «Легия» арасындағы матч 21 тамызда Ақтөбедегі Орталық стадионда өтеді. Ойын Астана уақытымен 21:00-де басталады.