Колумбиялық заңгер ФИФА-мен соттаспақ
![Колумбиялық заңгер ФИФА-мен соттаспақ](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1408084052_984621236.jpg?v=28699826)
Колумбиялық Аурелио Хименес ФИФА-дан бір миллиард еуро алуға ниетті. Ол бұл ақшаны әлем чемпионатында қазылардың нашар жұмыс жасағаны үшін алмақ, нәтижесінде заңгер рухани зақымданған екен, деп хабарлайды euro-football.ru.
«Мен өзімді өте нашар сезіндім, жүрек соғысы бұзылып, туыстарым мені жедел жәрдем арқылы ауруханаға алып барды. Немерелерім қасымда жылап жүрді.
Мен ФИФА-мен колумбиялық сот арқылы соттасуды ұйғардым, себебі Бразилиядағы әлем чемпионатында төрешілер көп қате жіберді. Нәтижесінде көп ел жапа шекті, оның ішінде Колумбия да бар», - деді Хименес.