Валерий Карпин: «Жалақым әжептәуір азайып қалды»
![Валерий Карпин: «Жалақым әжептәуір азайып қалды»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1408004599_543619576.jpg?v=28700327)
Мәскеулік «Спартактың» бұрынғы бапкері, жақында испаниялық «Мальорканың» тізгінін ұстаған Валерий Карпин жұмысы және жаңа клубындағы жалақысы туралы айтты, деп хабарлады «Спорт-Экспресс».
«Жалақым қатты азайып қалды ма? Әжептәуір. Маңыздысы, еуропалық лигалардың бірінде жаттықтырғым келді. Құдайға шүкір, жалақымның азайғаны қиындық тудырмайды. «Мальорка» сапына бұрынғы және бүгінгі спартакшылардың бірі келуі мүмкін бе? Қазіргілерден – жоқ. Олардың жалақысы қанша екенін шамалап тұрған шығарсыздар – адамдардың 8-10 есе айлығынан айырылғысы келетініне күмәнім бар», - деді Карпин.