русский язык

Қазақстандық шахматшы қыздар Франция құрамасын ұтты

Қазақстандық шахматшы қыздар Франция құрамасын ұтты

Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының 10-шы турында Қазақстанның әйелдер құрамсы Франция командасын ұтты, деп хабарлайды Қазспорт арнасы.

Қазақстандық Гүлісхан Нахбаева, Динара Сәдуақасова, Мәдина Дәулетова мен Гүлмира Дәулетова қарсыластарын 3:1 есебімен жеңіп, 7-ші жеңісіне қол жеткізді. Осыған дейін қазақстандық шахматшылар 2 рет ұтылып, 1 ойынды тең ойнаған.

Бұл жеңістен кейін Қазақстан құрамасы 5 сатыға көтеріліп, 9-шы орынға тұрақтады. Ал, 9 турда жеңілмей, көш бастап тұрған Ресей командасы Украина шахматшыларынан ұтылды.

Ал, Әнуар Ісмағамбетов, Павел Коцур, Рустам Хуснутдинов пен Петр Костенкодан құралған Қазақстанның ерлер командасы Испания шахматшыларына 3:1 есебімен есе жіберді. Осыдан кейін олар 14 сатыға төмендеп, қазір 46-шы орында тұр. Ал, көш басында – Қытай құрамасы.

Айта кетейік, норвегиялық Тромсе қаласында өтіп 41-ші Дүниежүзілік олимпиадада ертең соңғы тур ойналады. Бұл жарысқа 177 ер және 136 әйел құрамсы қатысуда. Барлығы 2 мыңнан астам шахматшы келген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;