русский язык
Бокс

«Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасында жолдастық кездесу өтеді

«Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасында жолдастық кездесу өтеді

Қыркүйектің 9-10 күндері Астананың «Дәулет» спорт кешенінде «Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасында жолдастық кездесу өтеді, деп хабарлайды astanaarlans.kz сайты.

«Дәулет» спорт кешенінде болатын жекпе-жекке бүгінде белгілі болғандай, 91 келі салмақтағы Василий Левит қатыса алмайды. Жарақатына байланысты жолдастық кездесуге шықпайтын Левиттің қатарға қашан қосылатыны әзірге белгісіз. Кубалық боксшылар Астанаға 4-ші немесе 5-ші қыркүйек күндері келеді. Ал «Астана арландары» болса, оған дейін Алматыда оқу-жаттығу жиындарын өткізе береді. Команда тек 6 қыркүйек күні ғана Астанаға ат басын тірейді.

«Астана арландарының» келесі маусымда жұдырықтасатын жаңа құрамы әлі жасақталған жоқ. Жақында Қазақстан кубогы жолындағы жарыс кезінде «арландардың» бапкерлері біраз былғары қолғап шеберлерінің бабын байқап көрді. Енді жыл соңында бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді. Сол кезде «арландардың» құрамына кімдердің шақырылатыны нақты белгілі болады. Легионерлерге келер болсақ, Филип Хргович (Хорватия), Хрвое Сеп (Хорватия) және Эхсан Роузбахани (Иран) сынды боксшыларымыз алдағы маусымда да команда құрамында қала бермек. Тағы бір айта кетерлігі, 60 келі салмақта өнер көрсететін Самат Бәшенов алдағы уақытта 64 келі салмақта жұдырықтасады. Ал, 69 келіде жұдырықтасқан Мейірім Нұрсұлтанов 75 келіде күш сынасады деп күтілуде. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 75 келіде «арландардың» намысын қорғаған Сергей Деревянченко былтырғы маусымнан кейін кәсіпқой боксқа ауысқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;