русский язык
Волейбол

Волейболдан Президент кубогы мен IV Азия кубогы Алматыда өтеді

Волейболдан Президент кубогы мен IV Азия кубогы Алматыда өтеді

Азияның азулы командалары қатысатын турнирлер 18-24 тамыз аралығында Алматыда өтеді, деп хабарлайды Қазақстан волейбол федерациясы.

Қазақстан құрамасы Жапония, Оңтүстік Корея және Үндістан командаларымен бірге «А» тобына түсті. «В» тобында Қытай, Иран, Аустралия және Таиланд құрамалары жолығады.

18 тамызда болатын матчтар: Қазақстан – Үндістан, Оңтүстік Корея – Жапония, Қытай – Аустралия, Иран – Таиланд;

19 тамыз: Оңтүстік Корея – Қазақстан, Жапония – Үндістан, Аустралия – Таиланд, Қытай – Иран;

20 тамыз: Қазақстан – Жапония, Үндістан – Оңтүстік Корея, Иран – Аустралия, Таиланд – Қытай;

22 тамызда ширекфиналдың, 23 тамызда жартылайфиналдар мен 5-8 орындардың матчтары болады;

24 тамызда финал және 3-ші, 5-ші, 7-ші орындардың матчтары өтеді.

 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;