русский язык
Футбол

«Жетісу» Премьер-Лиганың екінші кезеңіне дайындықты бастап кетті

«Жетісу» Премьер-Лиганың екінші кезеңіне дайындықты бастап кетті

23 тамыз күні Премьер-Лиганың екінші кезеңі басталады, осыған орай «Жетісу» өз алаңында дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Талдықорғандық «Жетісу» екінші кезеңді сырт алаңда павлодарлық «Ертіске» қарсы кездесумен бастайды. «Жетісу» футболшылары екінші кезеңге дайындықты Талдықорған қаласындағы орталық стадионда бастап кетті.

Естеріңзге сала кетсек, «Жетісу» Премьер-Лиганың алғашқы кезеңін 27 ұпаймен жетінші орында аяқтаған болатын. Келесі кезеңде екінші алтылықта жоғарғы лигада қалу үшін күресетін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;