русский язык
Футбол

Легия Қазақстанға жету үшін 100 000 еуро жұмсайды

Легия Қазақстанға жету үшін 100 000 еуро жұмсайды

Польшалық басылымдар Еуропа лигасының матчына дайындалып жатыр және 21 тамызда «Ақтөбемен» күш сынасатын «Легия» футбол клубының Қазақстанға баруы үшін қанша қаржы кететінін есептеді.

Przegladsportowy.pl порталының хабарлауынша, қарсыласымыздың басшылығы Ақтөбеге жету үшін 100 000 еуро шығындайды, оның үстіне, команданың әр мүшесі үшін виза бағасы 50 еуроны құрайды. Жоғарыда айтылған сайтта Польшаның атақты сарапшысы «Легияға» қарсыласын менсінбей ойнауға болмайтынын жеткізді. Сондай-ақ оның айтуынша, «Ақтөбе» өз алаңында тамаша ойнайды – 20 матчта 3-ақ жеңіліс, алайда сырт алаңда ҚПЛ чемпиондарының жағдайы мәз емес – еурокубокта бар болғаны үш жеңіс. Польшалық БАҚ алдағы ойында қауіпті ойыншыларды да анықтапты: Роберт Арзуманян, Маркос Пиззели және бүгінде 6 гол соққан Игорь Зенькович.

Естеріңізге сала кетсек, «Ақтөбе» мен «Легия» арасындағы алғашқы ойын 21 тамызда Қазақстанда өтеді. Ойын Астана уақытымен 21:00-де басталады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;