русский язык

Ташкентке өтетін ӘЧ-ға баратындар балуандар анықталды

Ташкентке өтетін ӘЧ-ға баратындар балуандар анықталды

Қыркүйектің 8-13 аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Бұл жаңа салмақта чемпиондар мен жүлдегерлер анықталатын алғашқы біріншілік деп хабарлайды confederation.kz сайты Kazakhstan Wrestling Online-ға сілтеме жасап.

Былтырғы әлемдік дода қазақ балуандары үшін аса сәтті бола қойған жоқ. Біздің құрама Нұрмахан Тінәлиев пен Екатерина Ларионова жеңіп алған екі қоламен ғана оралған еді.

2014 жылдың ең басты бәсекесі - Азия Ойындары. Сол себепті, күрестің үш түріндегі үздіктеріміз Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында сынға түседі. Бұл әлем чемпионатына әлсіз балуандар аттанады деген сөз емес. Биыл Қазақстан біріншілігінде екінші орын иеленіп, халықаралық жарыстарда жүлдеге іліккен спортшылар Ташкентте ел намысын қорғайды. Екі жарыста да сынға түсетін жалғыз спортшы бар. Ол - Нұрмахан Тінәлиев.

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасы:

Ербол Қоңыратов (59 келі), Айбек Еңсеханов (66 келі), Демеу Жадыраев (71 келі), Рашид Кочиев (75 келі), Даниял Гаджиев (80 келі), Андрей Самохин (86 келі), Жанарбек Қабдолов (98 келі), Нұрмахан Тінәлиев (130 келі)

Әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасы:

Зүлфия Яхъярова (48 келі), Жұлдыз Ешімова (53 келі), Мерует Дынбаева (55 келі), Айжан Ысмағұлова (58 келі), Джулия Сатымбекова (60 келі), Ольга Калинина (63 келі), Эльмира Сыздықова (69 келі), Гүлмарал Еркебаева (75 келі)

Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасы:

Шоқан Шыңғысов (57 келі), Артас Сана (61 келі), Саятбек Оқасов (65 келі), Ақжүрек Таңатаров (70 келі), Жігер Зәкіров (74 келі), Аслан Кахидзе (86 келі), Әлихан Жұмаев (97 келі), Ержан Дүйсенбеков (125 келі)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;