русский язык
Футбол

Красножан бапкердің алғашқы жеңісі. Қазақстан – Тәжікстан 2:1

Красножан бапкердің алғашқы жеңісі. Қазақстан – Тәжікстан 2:1

ЕУРО-2016 турнирінің іріктеу кезеңіне дайындық ретінде футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы Алматы қаласында Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізді.

Матч қазақстандық футболшылардың басымдығымен өтті. Жерлестеріміз алғашқы минуттардан есепті ашуға жақын болды, алайда 37-ші минута ғана гол соға алды. Алматылық «Қайраттың» ойыншысы Бауыржан Исламхан Тәжікстан қорғанысын бұзып өтіп, жақын бұрышты дәл көздеді. 

Матчтың 56-шы минутында қонақтар таразы басын теңестіруге мүмкіндік алды. Қорғаушылардың қателігін сәтті пайдалана білген Тохиров Мокинді қара жерге отырғызып кетті – 1:1. Бұдан кейін Юрий Красножан алаңға тыңнан үш бірдей ойыншысын шығарды. Шомко, Қонысбаев пен Дарабаев қазақстандықтардың ойынына қан жүгіртті. Нәтижесінде 63-ші минутта Ұлан Қонысбаев Әлішер Туйшиевтің қақпасына екінші голды тоғытты. Дмитрий Мирошниченко айып алаңына еніп, Ұланға пас асырды. Тараз футбол мектебінің түлегі оңтайлы сәтте мүлт кетпеді. Осылайша, тартысты өрбіген матч алаң иелерінің пайдасына шешілді – 2:1.

 

Жолдастық кездесу.

Қазақстан – Тәжікстан 2:1 (1:0)

Голдар: 37’ Исламхан (1:0), 56’ Тохиров (1:1), 63’ Қонысбаев (2:1)

Қазақстан: Мокин, Малый, Абдулин, Дмитренко, Исламхан, Жолшиев, Мирошниченко, Нөсербаев (к), Богданов, Логвиненко, Сүйімбаев.

Тәжікстан: Туйчиев, Раджабов, Эргашев, Рабимов, Давронов, Махмудов, Восиев, Тохиров, Фатхуллоев, Джалилов, Асроров.

Төрешілер: Дмитрий Машенцев, Сергей Грищенко, Бахадыр Кочкаров (бәрі — Кырғызстан)

12 тамыз 2014 жыл. Алматы қаласы. Орталық стадион

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;